«Цифрлы Қазақстан: Жастар, ғылым және инновация» тақырыбында облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2023 жылдың 1 қараша күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан: Жастар, ғылым және инновация» тақырыбында облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция мақсаты: Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақтың заман талабына сай білім алып, жан-жақты дамуына ықпал ету. Рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайтып, белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
Конференция жұмысына Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінен 3 студент қатысты. Ермек Кенжебек Ермекұлы, ғылыми жетекшісі Тугелбаева Жанаргул Сатбергеновна; Избасканов Нурбек Сагидоллаевич, ғылыми жетекшісі Жұқатаева Дина Бөрібайқызы; Елтай Ермұрат Баймұратұлы, ғылыми жетекшісі Канкомова Анаргуль Нурымовна. Студенттерімізге «Алғыс хат» пен сертификаттар табысталды.


Жарияланды: 14.11.202310:46

Автор: