«Білімді ұрпақ – ел тірегі» онкүндігі
Колледжімізде «Білімді ұрпақ – ел тірегі» онкүндігі жоспарына сәйкес салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында денешынықтыру пәні мұғалімі Бердешов Айдос 1 курстар арасында «Жүйрік болсаң озып көр» атты спорттық эстафета өткізді. Сайысқа 2 команда қатысты. Бірнеше эстафеталық ойын түрлері бойынша, яғни, допты кедергілер арасымен алып жүру, қос аяқпен допты қысып жүру, қаппен секіру, секіртпемен секіру, арқан тартыс түрлерінен бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды №8 топ командасы иеленді.