“Ұрпақ тәрбиесі – ортақ іс” атты сұхбат –кеші
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Ұрпақ тәрбиесі – ортақ іс” тақырыбында Махамбет аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, аудандық Билер кеңесінің мүшесі, Қоғамдық келісім мекемесі жанындағы кәсіби медиатор, ардагер ұстаз Ж.Ш.Мағауова, Махамбет аудандық орталық кітапхананың әдістеме – библиография бөлім меңгерушісі К.Қ.Суханғалиева, Махамбет аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы А.Ж.Мамешова, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің сарапшысы Г.Е.Сембаевамен кездесу – сұхбат кеші өтті.Кездесу – сұхбат кешінің мақсаты: Елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын – алу, олардан сақтану, теріс ағымдағы діннен аулақ болу шараларын жасөспірімдерге жан – жақты түсіндіру. Кеште ашық пікір алмасу бағытында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.