«Колледжде ерекше қабілеттілігі бар балаларды қабылдауды ұйымдастырудағы колледж психологінің ролі» тақырыбында семинар

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ТжКОБ ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді білім беру мен тәрбиелеуді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, арнайы кабинеттерін құру, талап етілетін жұмыс біліктіліктері бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын әзірлеу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Семинар барысында колледжіміздің педагог-психологі Мухамеджанова Айман Нурабаевна «Колледжде ерекше қабілеттілігі бар балаларды қабылдауды ұйымдастырудағы колледж психологінің ролі» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.Семинар соңында арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.


Жарияланды: 23.09.202217:29

Автор: