2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында, «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша 33 студент оқып бітірді
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Атамекен» ҚРҰКП бастамасымен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында, «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша 33 студент оқып бітірді. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат-жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағыт-бағдар беру. Олардың осы салаға деген қызығушылығын арттырып, білімін жетілдіру. Колледж директоры Сұлтанғалиев Жанболат Қашымұлы студенттерге сертификаттар табыстап, ел болашағын дамытуда елеулі кәсіпкерлер болуларына сәт-сапар тіледі.